ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША БАЙҚАУЛАРДЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАЛДЫ
- ОБЩЕСТВО
- 22.12.2022
- 405 просмотра
Алматы облысы ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырмасымен “Алматы облысының тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті нығайту” жобасы аясында “ӨРКЕНИЕТТІ ҚАЗАҚСТАН” қоғамдық бірлестігі төмендегі бағыттар бойынша байқаулар өткізген болатын:
- Мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында «Қоршаған ортаны қорғауға сен қандай үлес қосасың?» атты облыстық шығармалар конкурсын ұйымдастыру және өткізу.
- «Түрлендіру» фотосуреттер мен бейнероликтер байқауын ұйымдастыру. Байқау шарты қатысушылар көшеде, далада, өзен мен су қоймаларында өте лас орын тауып, оны фотосуреттер мен бейнелерге жазып, содан кейін бәрін жинауы керек.
- «Үздік аула мен аула алаңы конкурсы». Талап: үй мен қоршаулар таза, боялған, айналасында және жанында жақсы сақталған жасыл желектер, қоқыс контейнері болуы керек.
Облыстық шығармалар конкурсына алпыстан астам оқушылар қатысып, ішінен үздік деп төрт оқушы анықталған болатын. Олар:
- Гран-при - 50 000 (елу мың) теңге. Төлегенқызы Айгерім, Талғар ауданы, 32 жалпы білім беретін орта мектебі 10”ә” сынып оқушысы.
- 1 орын - 40 000 (қырық мың) теңге. Темиралинова Құралай, Іле ауданы М.Мақатаев атындағы №13 орта мектебінің 9"Ж"сынып оқушысы.
- 2 орын – 30 000 (отыз мың) теңге. Бекен Диана, Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылы, Кеңес Нұрпейісұлы атындағы мектеп –лицейінің 9 «ә» сынып оқушысы.
- 3 орын – 20 000 (жиырма мың) теңге. Оңғарбай Іңкәр, Шамалған ауылы, Қарасай батыр атандағы мектептің 8 В сынып оқушысы.
«Түрлендіру» фотосуреттер мен бейнероликтер байқауына Алматы облысының мектептері белсенді қатысып жүлделі орындарды қанжылады.
- 1 орын- Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылы, «Шелек ауылындағы гимназия» КММ
- 2 орын- Іле ауданы, «Т. Бокин атындағы» №41 орта мектебі
- 3 орын- Қарасай ауылы, Тұрар ауданы Ә.Байсалбаев атындағы орта мектеп
«Үздік аула мен аула алаңы конкурсы» аясында Қонаев қаласының тұрғындары белсендік танытқан болатын.
Үздік деп танылғандарды 22.12.2022 жылы Алматы облысы, Қонаев қаласы, Қасым Қайсенов атындағы №4 орта мектеп қабырғасында марапаттауға шақыртылды. Марапаттау салтанатынан бөлек ғылыми-практикалық конференция мен фотокөрме өткізілді. Конференцияға ғалымдар, экологтар және коммуналдық қызмет мамандары шақырылды. Байқаулардан бөлек «ӨРКЕНИЕТТІ ҚАЗАҚСТАН» қоғамдық бірлестігі “Алматы облысының тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті нығайту” жобасы аясында Алматы облысында мың ағаш көшеттерін отырғызып, жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту бойынша облыстың он ауданы мен қаласында үш жүзден астам адамға семинар-тренингтер өтізген болатын. з