227 КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛЫП, 4 915 АЗАМАТҚА МӘМС ЖҮЙЕСІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ АЙТЫЛДЫ
- ОБЩЕСТВО
- 16.06.2023
- 40 просмотра
Шымкент қаласында әлеуметтік медициналық сақтандыруды жүзеге асыру барысы бойынша ағымдағы жылдың 4 айында халық арасында 227 кездесу ұйымдастырылып, 4 915 азаматқа түсіндірме жұмыстары жүргізілген. 1 274 азаматқа кеңестер берілген. 3814 көрнекі ақпарат таратылған және ілінген. Сонымен қатар, 192 аудио және 194 видео роликтер көпшілік орындарда көрсетілуде.
Осы жылдың 1 тоқсанында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша жедел өзара іс-қимыл жөніндегі алқа мәжілісінің отырысы өткізілді.
Нәтижесінде 2022 жылды бүгінгі күнмен салыстырлғанда қала тұрғындарының саны 1 111 815 -ден 1 162 238-ге өскен, оның ішінде сақтандырылғандар саны 883 271-ден 930 900-ге өскен, яғни 2022 жылдың 1 сәуірінен осы күнге дейін 47 629 адам сақтандырылған.
Шымкент қаласы бойынша 930 900 азамат мәмс жүйесінде сақтандырылған
Бүгінде Шымкент қаласы бойынша 1 162 238 тұрғынның әлеуметтік медициналық сақтандырылғандар саны 930 900 болса, сақтандырылмаған азаматтар 231 338 құрап отыр.Айта кететіні, сақтандырылмағандар халықтың ішінде жұмысшылар, азаматтық құқықтық келісім шарт бойынша жұмыс жасаған тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, бірыңғай жиынтық төлемдерін жүргізгендер мен (әрі-қарай Дербес төлеуші болғандар мен басқа да тұлғалар бар. Соңғы 12 айда МӘМС-ке төлемдер түспеген тұлғалар саны 164 148 құрайды.
МӘМС-ті алып тастасақ, одан кім ұтады? МӘМС жүйесінің еңгізілгеніне үш жарым жыл болды, осы мерзімнің ішінде 2 жыл коронавирустық пандемия орын алды, яғни нақты жұмыс жасап жатқанына 1, 5 жыл болды. «Жүйені жою - ол қайта құру емес», біз МӘМС жүйесін еңгізуге 10 жылдан бері жұмыс жасаудамыз, бұл әлемдік тәжірибе және оның негізгі мақсаты халықтың осал топтарының балалардың, зейнеткерлердің, мүгедектердің және т.б. денсаулығын қорғау.