ЕҢБЕКШІ АУДАН АУМАҒЫНДАҒЫ 29 ШАҒЫНАУДАН МЕН ТҰРҒЫН АЛАПТАРДЫҢ ХАЛЫҚ ШОҒЫРЛАНҒАН НЕГІЗГІ БӨЛІГІ ИНЖЕНЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕРМЕН ҚАМТЫЛҒАН
- ОБЩЕСТВО
- 03.06.2023
- 49 просмотра
Аудан аумағындағы 29 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған.
Атап айтсақ: ауыз сумен 94,5%-ға, электр жарығымен 98,3%-ға, табиғи газбен 90,7%-ға, кәріз жүйесімен 41%-ға, асфальт жолмен 74%-ға қамтылған.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Еңбекші ауданында инфрақұрылым жүйелерін дамыту туралы 2022-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасымен бекітілген.
Ауданда табиғи газ жүйесімен қамту көрсеткіші 2022 жылы 90,7% құраған. 2023 жылы жаңа шекараға сәйкес, табиғи газ жүйесімен қамту көрсеткіші 87,2%, оның ішінде: мемлекеттік жүйеде 78,3% (36560 аб.), жекеменшік жүйедегі 8,9%-ды (4135 аб.) құрайды. Қамтылмаған 12,8%-ды (5992 аб.) мемлекеттік жүйемен қамту 2023-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарына енгізілді. Оңтүстік, Қарабастау, Жұлдыз, Жалын, Қаратөбе т.а. жаңақұрылыс аймағындағы 3739 абонентке жобалау-сметалық құжат «Бірлестік» және «SK BEST SPREC STORY KZ» ЖШС-тері әзірлеуде. Қарабастау, Жұлдыз, Жалын т.а. техникалық шарт алынып, сметалық құны есептелуде. Қаратөбе, Оңтүстік ш.а. бойынша ЖСҚ мемлекеттік сараптамаға тапсыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Жалпы аудан бойынша 2025 жылдың қорытындысымен жаңақұрылыс аймақтарындағы қамтылмаған 12,8%-ды құрайтын 5992 абонентті табиғи газбен қамтып, қамту көрсеткішін 100%-ға жеткізу жоспарланған.
Ауданда кәріз жүйесімен қамтылу жағдайы 2022 жыл қорытындысымен 57%-ды құраған. Жаңа шекараға байланысты кәріз жүйесімен қамтылған 8 шағынаудан мен орталықтағы жеке секторлар Әл-Фараби ауданының аумағына өтті. Осыған байланысты, қазіргі таңда ауданда кәріз жүйесімен қамтылу жағдайы 41%-ды құрайды. Аудан аумағында «Ұлағат» шағынауданында (2248 аб. жоба құны 1 473,1 млн. тң, «Алем Строй1»ЖШС), кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде, нысан құрылысы 2023 жыл қорытындысымен аяқталатын болады. Жұлдыз тұрғын алабындағы көпқабатты 27 үйді (175 пәтер) кәріз жүйесімен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда нысан құрылысы аяқталған, ағымдағы жылы меншік иелері тарапынан пәтерлерді маусым айынан бастап абоненттеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. («Спецкоммунстрой» ЖШС-і, Жобаның құны – 384,7 млн.тң.).