ШЫМКЕНТ: ЖОҒАРҒЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫН ТҰТЫНУДЫҢ ЗИЯНДЫҒЫ ЖӨНІНДЕ АРНАЙЫ САБАҚТАР ӨТКІЗІЛДІ
- ОБЩЕСТВО
- 27.09.2022
- 140 просмотра
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері білім беру ұйымдарында жоғарғы сынып оқушыларына, жасөспірімдерге, студенттерге, ата-аналарға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдарын жеткізу және жаңа психоактивті заттардың таралуының алдын алу мақсатында жүйелі жұмыстар атқаруда.
Осы орайда, Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен қала әкімдігінің ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» мамандары бірлесіп, №55 мектептің жоғарғы сынып оқушыларына құқықтық сауаттылықты арттыру және есірткі заттарын тұтынудың зияндығы жөнінде арнайы сабақтар өткізді.
Сабақ барысында оқушыларға зиянды әдеттердің қауіптілігі ескертіліп, олардан аулақ болу, салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен қала әкімдігінің ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» мамандары бірлесіп, «Арбат» демалыс аймағында нашақорлыққа және есірткіге қарсы науқан өткізді. Сонымен қатар, оған қаламыздың еріктілер тобы мен жанашыр тұрғындар жұмылдырылды. Аталған іс-шараның мақсаты - азаматтарды салауатты өмір салтын ұстануға баулу, оны насихаттау, қоғамды есірткіге қарсы қою, есірткіге қарсы иммунитетті барынша көтеру және есірткімен байланысты құқық бұзушылықтарға тосқауыл қою болып табылады. Іс-шара барысында демалушыларға тегін арнайы дәрумендер және жемістерден жабдықталған қорапшалар үлестірілді.
Айта кетейік, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы қарқынды жүріп жатыр. Кезекті іс шара барысында есірткі заттарын таратумен айналысқан жоғарғы оқу орындарының бірінің студенті анықталып, ұсталды. Оның жасы – 19-да. Белгілі болғандай, ол оңай ақша табу мақсатында әлеуметтік желі арқылы есірткі курьері болып жұмысқа тұрып, қала аумағында синтетикалық есірткі заттарын сақтап, тасымалдап, жасырын орындарға тығып келген. Кезекті шығуы барысында жас жігіт полиция қызметкерлерімен ұсталып, қалтасынан 9 дана сары және жасыл түстегі орамаларға оралған есірткі заттары тәркіленген. Сонымен қатар, жасырын орындарға тығып үлгерген жерден тағы қосымша 1 дана есірткі заты алынды. Сұрастыру барысында, ол аталған есірткі заттарын қаладағы 3 шағынаудан аумағына жасыруға бара жатқанын айтып көрсеткен. Сараптама қорытындысына сай, тәркіленген заттар 5 грамм синтетикалық есірткі екені нақтыланды. Бүгінде аталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Атап өту қажет, осы баптың санкциясымен көрсетілген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлінің мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.