Сауалнамаға қатысқандардың 76,6% «Nur Otan» партиясына сенеді
- ИНФОГРАФИКА
- 29.12.2021
- 384 просмотра
Қоғамдық саясат институтының ағымдағы жылдың қараша айында жүргізген әлеуметтанулық зерттеуі нәтижелері «Nur Otan» партиясына деген сенімнің өсіп келе жатқанын көрсетті.
Бұл партияның жүйелі қызметінің, оның ішінде өзінің сайлауалды уәделерін орындау жөніндегі жұмысының, сондай-ақ партия атынан кандидаттардың ауыл әкімдерін сайлаудағы жеңісінің нәтижесі болды.
Зерттеу 2021 жылдың қараша айында жүргізілді.
Сауалнамаға 18 жастан жоғары 6800 респондент қатысты (14 облыс, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары).
Зерттеуде көпсатылы квоталау негізіндегі іріктеме қолданылды. Сауалнама E-Analytic электрондық партия платформасында СОЦИС модулін қолдана отырып, жеке сұхбат (face-to-face, F2F) әдісімен жүргізілді.
Бұл интервьюерлердің жұмысы барысында геодеректерді, сауалнаманы толтыру ұзақтығын, сауалнама статистикасын нақты уақыт режимінде қадағалауға мүмкіндік бере отырып, зерттеу сапасын қамтамасыз етеді.
Тэги: #«Nur Otan» #Сауалнама