«Ерлікке тағзым» атты дөңгелек үстел өтті
- ИНФОГРАФИКА
- 04.12.2021
- 433 просмотра
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы және «Шығармашыл жастар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Бақытты жанұя» орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Ерлікке тағзым» атты дөңгелек үстел өтті.
Ерлікке тағзым жасау әрбір азаматтың қасиетті борышы. Осынау кең байтақ жерді дұшпанның көзінен, жаудың бөзінен бекер сақтап қалған емес, келешек ұл-қыздары үшін аманаттап қалды. Олардың ерлігін айтып, ата-бабамыздың батырлық болмысын есте ұстап, онымен мақтану – кез келген ұрпақтың парызы. Бабаның ерлігі ұрпаққа рух береді.
Аталмыш іс-шара қаламыздың құрметті азаматтары, еңбек ардагерлері, ҰОС -ның ардагерлері, жастардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Бұл іс шара алдағы уақытта басқа аудандарда да жалғасын табатын болады.
Іс-шара барлық санитарлық эпидемиологиялық талаптарға сай өтті.