"Nur Otan" партиясы — қоғамдық диалогқа әрдайым дайын!
- ИНФОГРАФИКА
- 08.09.2021
- 412 просмотра
Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, "Nur Otan" партиясы фракциясының мүшесі ретінде Абай аудандық партия филиалы Саяси кеңес Бюросының бекітілген кестесіне сәйкес партия филиалында қоғамдық қабылдау өткіздім.
Халықпен кері байланысты нығайтып, әлеуметтік мәселелерді нығайту — "Nur Otan" партиясының басты бағыттарының бірі. Жетекші ұйымның осы бағыттағы міндетін орындау мақсатында ұйымдастырылатын кезекті қоғамдық қабылдауға жазылған азаматтардың ұсыныс-тілектерін тыңдадым. Карантин талаптарына сай онлайн және офлайн өткізілген қабылдауға 8 адам жазылды. Өз кезегінде олардың көпшілігі әлеуметтік жағдайының төмен екенін алға тарта отырып, қажетті көмектер беруін сұрады. Келесі бір тұрғын ауыз сумен қамту мәселесін көтерді. Бұдан бөлек балабақша ауласына автотұрақ салып беру туралы көптің мүддесін жеткізгендер де болды. Жеке қабылдауыма жазылған азаматтар өтініштерінің барлығы оң шешімін тапты.