ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨЗ КЕЗЕГІМЕН ЖАЛҒАСУДА
- ИНФОГРАФИКА
- 28.07.2021
- 342 просмотра
Бүгін Қалалық мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі ретінде “Халыққа көмек” бірыңғай әлеуметтік терезе” партиялық жоба аясынла бекітілген кестеге сәйкес онлайн және офлайн режимінде азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдау өткіздім.
Қабылдауға жазылған азаматтар әлеуметтік көмек, ауыз су мәселесі және материалдық көмек сұрайды.
Өтініш білдірген азаматтардың мәселелерін жеке тыңдап, мәселелері бойынша өтініштердің барлығы оң шешімін тапты.
Өз кезегінде қабылдауда болған азаматтар партияға деген сенімдерін жеткізді. Өз алғыстарын айтып, жұмысыма сәттілік тіледі.