БІЛІМ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР КӨП
- ИНФОГРАФИКА
- 03.12.2021
- 400 просмотра
«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі және Білім және ғылымды дамыту жөніндегі Қоғамдық кеңестердің бірлескен отырысы өтті.
Шараға «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы басшылығы, қғамдық кеңестердің мүшелері, білім басқармасы басшылығы және БАҚ өкілдері қатысты.
Мәжіліс барысында Шымкент қалалық білім басқармасының 2020 жылы және 2021 жылдың 10 айында өз саласы бойынша атқарған жұмыстары мен сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.
- «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын халықтың тұрмысын жақсарту – «Nur Otan» партиясының басты басымдықтарының бірі делінген. Біз халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға, әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау мен білім беру салаларындағы қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға күш салаудамыз. Жүйелі жұмыс пен жіті партиялық бақылаудың арқасында білім саласындағы бірқатар өзекті мәселелер шешілді, - деді қоғамдық кеңес төрағасы Б.Исабек:
Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиеваның айтуынша партиялық жоспар шеңберінде жоғары және бірінші санатты мұғалімдер үлесін алдағы бес жылда бүгінгі 55 пайыздық көрсеткіштен 85 пайызға дейінгі межеге, яғни 30 пайызға арттыру жоспарланған. Кәсіптік білім беру саласында өндіріске қажетті мамандар даярлауды озық әдістемеге негізделген дуальды оқыту моделімен ұштастыру көзделген. Бүгінгі таңда қалада 18135 мұғалім бар. Сапалық құрамы – 67,3%, санаты бар мұғалімдердің саны - 12208.
Жалпы, 2025 жылға дейінгі мерзімде 72 мектептің құрылысы жоспарланған. Биылдың өзінде жаңа ғимараттар, қосыша оқу корпустарын салу жұмыстары жүргізіліп, 12 714 орындық 25 мектеп тапсырылды. (бюджет есебінен 4 мектеп, жеке инвесторлар есебінен 21 мектеп).
Былтырғы жылы Шымкент қаласындағы мектептерде әрбір 29 оқушыға бір компьютерден келетін болса, биыл бұл көрсеткіш әрбір төрт оқушыға бір компьютерден келетін деңгейге жеткізілді.
Сонымен қатар, қаладағы барлық білім беру ұйымдарында бейнебақылау камералары мен турникеттер орнатылды.
Бұл жоспарланып орындалған іс-шаралардың бір бөлігі ғана. Осы ретте, партияның алдағы атқарар жұмыстары мен бағыты айқын. Барлық міндеттер дәйекті жоспарлармен белгіленген.