ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ.
- ИНФОГРАФИКА
- 30.11.2021
- 377 просмотра
Бүгін Абай аудандық «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы және "Шығармашыл жастар" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Тұңғыш президент күніне арналған "Ерлікке тағзым" жобасы аясында Абай ауданы ардагері, Металлургшы Тұрдалы Усмановпен жастар арасында кездесу өтті.
Кездесу барысында Тұрдалы Усманов жастарға Тұңғыш президентіміздің өткен жолы және қазіргі таңда жастар қандай болу тиіс, жастар Еліміздің болашағы екендігі жайлы сөз қозғап, жастарды отансүйгіштік пен ел үшін еңбек етіп, еліміздің даму жолында қызмет етуге шақырды.
Жастар аясында Абай ауданы ардагері, Металлургшы Тұрдалы Усмановқа өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сол тәжірибелік жауаптарына қанық болды.