«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының «Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау» мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті
- ИНФОГРАФИКА
- 11.11.2021
- 354 просмотра
«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының «Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау» мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысын «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қалмұратов Мұратәлі Оразәліұлы ашып жүргізіп отырды.
«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында дайындалған Жол картасындағы көрсеткіштердің 10-айда орындалуы аясында кеңестің атқарған жұмыстары бойынша баяндама жасадым.
«Жас отбасы» жобасы аясында отбасы құруға ниетті жастар мен жас отбасылар арасында отбасылық құндылықтарды насихаттау бойынша психологтармен 58 онлайн және оффлайн шаралар ұйымдастырылып, 7 300 жуық жас қамтылды. Жыл соңына дейін 10 мың жас пен жас отбасыға психологиялық көмек көрсетіледі.
Отбасылық құндылықтарды насихаттау бағытында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 4 жоба жүзеге асырылуда:
- «Отбасы мектебі»;
- «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан»;
- «Жастар арасындағы отбасылық құндылықтарды нығайту»;
- «Әлеуметтік осал топтармен жұмыс жүргізуге арналған психологиялық салон».
Азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету шаралары бойынша атқарылған жұмыстардың барысы бойынша:
2021 жылдың басында 976 отбасыны арендалық пәтермен қамту жоспарланды. Жол картасын іске асыру нәтижесінде 264 көпбалалы отбасы және 387 халықтың әлеуметтік әлсіз тобы (26 жетім балалар) тұрғын үймен қамтылды.
Алдағы уақытта да партия жұмысын жандандырып, нәтижелі жұмыс күшін көрсетеміз деп сенемін!