ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК
- ИНФОГРАФИКА
- 10.12.2021
- 378 просмотра
10 желтоқсан – Халықаралық адам құқығын қорғау күніне орай, «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында заңгерлік көмек көрсету үшін «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ашық есік күні» өтті.
Іс-шараға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ның Шымкент қаласы бойынша филиалының қызметкерлері, заңгерлер мен Абай ауданы әкімдігінің қызметкерлері қатысты.
Қабылдауға жазылған азаматтардың көтерген мәселелердің көпшілігі әлеуметтік, зейнеткерлік, жұмысқа орналасу бойынша сұрақтар қойылып, талқылауға салынды.
Өтініш білдірген азаматтардың бірқатар мәселелеріне заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілсе, бірқатары сол жерде оң шешімін тапты.