«Тәуелсіздік құрдастары!» атты кездесу өтті.
- ИНФОГРАФИКА
- 22.11.2021
- 385 просмотра
Бүгін «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалағандығы орны мен рөлін дәріптеу мақсатында «Тәуелсіздік құрдастары!» атты кездесу өтті.
Кездесуге «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалының қызметкерлері, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері, блогерлер, қоғам белсенділері мен студенттер қатысты.
Жиында сөз алған Абай аудандық партия филиалының бірінші орынбасары Бертаев Есімхан Қалмаханұлы Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болғандығын, оның бастамалары тәжірибе жүзінде әрқашан кең қолдау тапқандығын және нақты іс жүзінде асырылып отырғандығын сөз етті. Сонымен қатар, бүгінгі таңда біздің еліміз халықаралық дәрежеде танылудың жаңа сапалық деңгейіне көтерілу жолында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Назарбаевтың алар орны ерекше екенін атап өтті.