"Nur Otan" партиясының "Бақытты отбасы" жобасы
- ИНФОГРАФИКА
- 09.02.2021
- 423 просмотра
Ананың қалауын орындаған, ананың ақ тілек батасын алған ұл-қызының іс әрқашанда оң болады. Себебі ана ұғымы қазақта қашанда қастерлі әрі бағалы орында. Қазіргі таңда қаламызда көмекке мұқтаж көпбалалы аналар жетерлік. Олардың арнайы ватсап чаттары да жұмыс істейді екен. Әрбір топта 1000-ға жуық көпбалалы ана тіркелген. Соның ішінде осы көпбалалы аналалардың өздерімен келісе отырып Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, фракция мүшесі ретінде "Nur Otan" партиясының "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында отырып 40 отбасыға сұраныстары бойынша азық-түлік яғни ұн,май, макарон өнімдерін жеткіздім.
Біздің бүгінгі қайырмдылық шарасын жария ұйымдастырумыздың мақсаты өзімізді көрсету емес, ізімізден ерген іні-қарындастарымызға өнеге болу. Себебі жоғарыда айтқанымдай көмекке зәру, тағдыр талқысына түсіп, қиын жағдайға тап болған отбасылар саны жетіп артылады. Олардың мәмілесіне немқұрайлы қарамау ортақ міндетіміз. Біз тек жұдырықтай жұмылып қана сыңдарлы кезеңнен сынбай өтеміз. Бір-бірімізге қолдау көрсету арқылы ғана қиындықты бірге еңсеретінімізді әрдайым есте сақтайық!