Тәуелсіз Қазақстанға - 30 жыл
- ИНФОГРАФИКА
- 15.12.2021
- 349 просмотра
Биыл айтулы мереке отызыншы рет тойланып отыр. 1991 жылы 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық Заңды қабылдады. Бұл – еліміз бен халқымыздың болашақ дамуын, ертеңгі тағдырын анықтаған аса маңызды, тарихи құжат. Содан бері Қазақстан елеулі жетістіктерге жетті және күрделі сын-қатерлерден өтті.
"Тәуелсіздіктің отыз жылы – тұтас бір дәуір. Бұл – қиындықтар мен сынақтарды табанды түрде еңсеру дәуірі, тар жол, тайғақ кешумен салыстыруға болатын ұзақ кезең. Бұл – халқымыздың тарихында бетбұрыс болған жасампаздық дәуірі.
Осы орайда «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалына қарасты бастауыш партия ұйымдарында өңіріміздің дамуына үлес қосқан тәуелсіз құрдастары мен партияның белсенді мүшелеріне құрмет көрсетіліп, алғыс хаттармен марапатталды