ӘР КҮНІҢДІ ҰЛТТЫҚ КИІММЕН ӘСЕМДЕ
- ИНФОГРАФИКА
- 16.08.2021
- 652 просмотра
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ұлттық бірегейлікті сақтау мақсатында ата-бабаларымыздан қалған құнды дүниелерді насихаттау айтылған болатын. Осы орайда, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы аясында «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалымен «Jas Otan» жастар қанаты тарапынан «Әр күніңді ұлттық киіммен әсемде» челенджі ұйымдастырылды.
Бұл іс-шараның мақсаты – құндылықтарымызды дәріптеу, халқымыздың тарихы мен ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар екендігін жастарға жеткізу, Қазақстандық патриотизм сезімін нығайту және Қазақстан халқының тарихи мұрасы мен мәдени құндылықтарын құрметтеу, ұлттық мәдениетті сақтау және дәріптеу.
Ұлттық киім, ол – ұлтымыздың болмысы! «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болатын Елбасының тарихи сананы жаңғыртуға бағытталған ұсыныстары мемлекетіміздің нығаюына көп септігін тигізуде. Өйткені, халқымыздың ұлттық киімдері өзінің сипатымен, сәнімен сан ғасырлық тарихымен, сақталған ою-өрнек нақышымен бүкіл жер бетіне танылды.