Шымкентте 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» бағдарламасының «Жол картасы» бекітілді
- ИНФОГРАФИКА
- 08.06.2021
- 393 просмотра
Бүгін Қала әкімі, “Nur Otan” партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлының төрағалығымен бюро отырысы өтті. Саяси кеңес бюросында Шымкент қаласы бойынша 2025 жылға дейінгі “Жастар-Отанға!” бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы бекітілді.
Бағдарлама жас қазақстандықтарды ел дамуының ортақ мақсаты төңірегінде біріктіруге және жастардың өзін-өзі дамытуы үшін жан-жақты қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Отырыста хабарлама жасаған “Jas Otan” Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының төрағасы -М.Ш. Исахов: «Жастар-Отанға!» 2025 жылға дейінгі бағдарламасының «Жол картасының» аясында біз алдымызға жастардың өмір сүру сапасын арттыруға, өз қабілетін іске асыру әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін нақты міндеттер қоямыз. Біздің міндеттер мен оларды іске асырудың жолдары осы бағдарламада нақты
белгіленген. Оның іске асырылуы орталық және аймақтық деңгейлерде келесі шаралар арқылы қамтамасыз етіледі.
Бағдарлама әртүрлі санаттағы жастардың мүддесін қамтиды және әлеуметтік зерттеулер мен сауалнамалардың нәтижелеріне сүйенеді.
Шымкент қалалық мәслихат депутаты, фракция мүшесі "Nur Otan" партиясының белсендісі ретінде бағдарламаның орындалуына өз үлесімізді қосатын боламын.