ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІНІҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ
- ИНФОГРАФИКА
- 13.03.2021
- 378 просмотра
2021 жылғы 11 наурызында қала әкімдігінің мәжіліс залында Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетовтың қатысуымен Шымкент қаласы мәслихатының құрылыс және аумақты дамыту жөніндегі, кәсіпкерлік, туризм және цифрландыру жөніндегі, заңдылық, құқық тәртібі және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшелерінің бірлескен отырысы болып өтті.
Тұрақты комиссиялардың күн тәртібіне 14 мәселе қойылды.
1. «2021-2023 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №72/651-6c шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2. «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 21 қыркүйектегі №37/291-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
3. Шымкент қаласында цифрландыру бағытында атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының есебі;
4. Шымкент қаласында денсаулық сақтау саласын дамыту шаралары туралы;
5. Шымкент қаласындағы шеткі аймақтарды инженерлік-инфрақұрылымдық қамту жағдайы туралы;
6. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жұмыстары туралы;
7. «Шымкент қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидасын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы №47/384-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
8. «Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамы туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 21 қыркүйектегі №37/297-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
9. Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы;
10. Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің құрамына өзгерістер енгізу туралы;
11. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру мәселелері жөніндегі Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы ведомствоаралық комиссиясының күшін жою туралы;
12. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру, Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі Шымкент қаласы әкімдігінің өңірлік комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы;
13. «Шымкент қаласы әкімдігінің жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 11 наурыздағы №62/538-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
14. Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы «Бизнес Шымкент» өңірлік кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы;
Жиында «Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау» басқармасының басшысы Мүлкеманов Рахымберді, «Шымкент қаласының денсаулық сақтау саласын дамыту шаралары» туралы, денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов, «Шымкент қаласы шеткі аймақтарды инженерлік-инфрақұрылымдық қамту жағдай» туралы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысы Болатбеков Боранбай, Ішкі саясат және жастары істері басқармасының басшысының орынбасары Мөлдір Кеуенова, Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Әбдірахманов, Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мадияр Жақсыбаев, ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков, Шымкент қаласы әкім аппаратының құқық қорғау жүйесі бөлімінің басшысы Әбілхайыров Серғазы, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Бекмұратов Ерман, сәулет, қала құрлысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Әшірбеков Берік, кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Дүйсебеков Береке баяндама оқып, өз жобаларына қолдауды сұрады.
Өз кезегінде комиссия мүшелері қалалық бюджетті атқарудағы жекелеген тақырыптарға тоқталып, бюджет жобасына қатысты бір қатар мәселелерді мәслихаттың алдағы сессиясына талқылауға қалдырды.