Қазақ ағартушысы Ы.Алтынсариннің 180 жылдығы орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
- ИНФОГРАФИКА
- 11.11.2021
- 348 просмотра
Бүгін «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және алғашқы қазақ педагог-ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай, «Ұлы педагог Ы.Алтынсариннің мұрасы» тақырыбында онлайн режимде zoom интернет платформасы арқылы дөңгелек үстел өтті.
Онлай шараға «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалына қарасты «Ақтас», «Бадам», «Болашақ», «Жайлау», «Жаңаталап», «Тәуелсіздік», «Ынтымақ», «Қорғасын», «Қошқар ата», «Ұлағат» бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен мүшелері, ардагер ұстаздар қатысты.
Жиында сөз алған Абай аудандық партия филиалының бірінші орынбасары Бертаев Есімхан Қалмаханұлы ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсарин қазақ даласында білім нәрін сеуіп, ел келешегі жастарды білімге баулыған. Алдына келген шәкірттеріне біліммен қоса тәлімді тәрбие беріп, ұлтымыздың жарқын келешегіне жол бастаған жан. Оның білім жолында атқарған ізгі істері ешқашан ұмытылмайтындығын айтты. Сонымен қатар іс-шарада Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық қызметі туралы баяндамалар оқылды.