ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 қайырымды іс» іс-шарасы өтті
- ИНФОГРАФИКА
- 15.10.2021
- 586 просмотра
Шымкент қаласы «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 15 қазанында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 қайырымды іс» ұранымен әлеуметтік және қайырымдылық іс-шарасы өткен болатын.
Мейірімділік акцияға меценаттар мен Шымкент қаласының мәслихат депутаттары, фракция мүшелері, қайырымды жандар қатысты.
Акция барысында демеушілер тарапынан 20 отбасыға, оның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер мен ардагерлерге, көп балалы және мұқтаж жандарға, сондай-ақ өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға азық-түлік себеттері табысталды.