ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Көк тудың желбірегені» патриоттық әлеуметтік жобасы аясында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
- ИНФОГРАФИКА
- 30.11.2021
- 380 просмотра
2021 жылдың 30 қараша күні Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Көк тудың желбірегені» патриоттық әлеуметтік жобасы аясында ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференцияның мақсаты Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өту, Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның жеткен жетістіктері және рухани жаңғыру мен дамуы тарихын талқылау, жаңа толқын жастардың ел рәміздеріне деген құрметін арттыру.
Аталмыш ғылыми-конференция Орталық Азия инновациялық университеті қабырғасында өтіп, модератор Арғынбай Рахат, университеттің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н. Хайдаров, Шымкент қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің жоба жетекшісі М. Омар, университеттің доценті, Рима Байғарайқызы,, Мусабекова Гулнар, М. Әуезов атындағы ОҚУ «Музей ісі» мамандығының 4 курс студенті, «Ақиқат» пікірсайыс орталығының төрағасы А. Бесбаев және университетің оқытушылары, профессорлары мен белсенді жастар, жалпы саны 100 тыңдаушы қатысты.
Конференция барысында, «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан: 30 жылдың жетістіктері.», «Тәуелсіздік рухани жаңғыру кепілі»., «Тәуелсіздіктің жаңа толқыны - жастар» және т.б. тақырыптарда баяндамалар оқылып, жастардың ойлары тыңдалды.