«AMANAT» ПАРТИЯСЫ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ҚОЛДАЙДЫ
- РЕГИОН
- 29.03.2022
- 529 просмотра
Шымкент қаласы мәслихат депутаттары, «AMANAT» партиясының фракция мүшелері Айжан Наимбекова мен Талғат Балтабаевтың қолдауымен Қаратау ауданында орналасқан №131 және №57 жалпы орта білім беретін мектеп ұстаздарының арасында спорттың волейбол мен футбол түрлерінен жолдастық турнир өтті.
Шараның басты мақсаты — білікті ұстаздардың еңбек жолын жас мұғалімдерге насихаттау, білім беру саласы мамандары арасында бұқаралық спортты дамыту, ұстаздар арасында жолдастық қарым-қатынасты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.
Сайыстың нәтижесі бойынша футболдан №131 мектептің ерлер құрамасы топ жарған болса, волейболдан №57 метептің әйелдер құрамасы жүлделі бірінші орынды иеленді. Жарысқа қатысушыларға арнайы алғыс хаттар табысталып, сонымен қатар «GRAMAD» сауда орталығы атынан ынталандыру сыйлықтары берілді.
Ұстазын ұлықтаған ұлт озады - деп дана халқымыз атап өткендей, саналы ғұмырын салиқалы ұрпақ тәрбиелеуге арнайтын, мақтауы аз - машақаты көп мамандық иелеріне құрмет көрсетіп, мектеп аралық ынтымақты нығайтатын осындай мәдени-спорттық шаралар алдағы уақыттада жалғасын табатын болады.
Тэги: #AMANAT#СПОРТ#GRAMAD