БАҒДАРЫМЫЗ АЙҚЫН, МАҚСАТЫМЫЗ БІР
- РЕГИОН
- 12.11.2021
- 819 просмотра
«Nur Otan» партиясы жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласының мәслихатындағы 30 мандаттың 24 орнын иеленіп, әлеуметтік квоталар ескерілді. Фракция мүшелерінің 15 – ер (65%), 8-әйел (35%) және олардың ішінде 5 - жастар (22%). Орташа жас – 44 жасты құрап отыр. 3 депутат -спорт және денсаулық, 5 депутат - білім және мәдениет саласынан, 10 депутатымыз кәсіпкер, 3 депутат - квазимемлекеттік сектор және үкіметтік емес ұйымдардан, 2 депутат БАҚ саласынан. Фракцияда әр түрлі сала өкілдерінің болғаны өңіріміздегі барлық проблемалық мәселелерді шешуге жылдам атсалысып, сапалы әрі нақты жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы, партия Төрағасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына орай, «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында дайындалған Жол картасы 10 басымдықтар мен 149 – іс-шараны құрап отыр. Барлық фракция мүшелері Жол картасындағы индикаторлардың орындалуына жауапты болып бекітілген. Қазіргі таңда биылға жоспарланған іс-шаралардың 47 пайызы толығымен орындалып, қалғандары орындалу үстінде. Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Б.Қ.Байбектің қаулысына сәйкес, сайлауалды бағдарламаның орындалуын бақылау мақсатында қалалық филиал жанынан 11 қоғамдық кеңес құрылды. Отырыстарда 30-ға жуық резонансты мәселелер көтеріліп, 330-дан астам ұсыныстар тиісті мекемелерге жолданған. Фракция мүшелері екі қоғамдық кеңестің төрағасы және санаулы депутаттар кеңестердің мүшелері болып табылады.
Сонымен қатар, қаламыздағы 51 бастауыш партия ұйымдарының 11-де фракция мүшелері төрағалық етеді. Бұл өз кезегінде Жол Картасының сапалы әрі уақытылы орындалуына септігін тигізеді.
Бүгінгі күнге дейін жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы фракциясының 12 отырысы өтіп, күн тәртібінде 69 мәселе қаралды. Сонымен қатар, фракция мүшелерінің тарапынан 2021 жыл басынан бері 141 депутаттық сауал жолданды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, халық қалаулылары әр тұрғынмен жеке кездесулер ұйымдастырып, партияның қоғамдық диалогқа дайын екенін дәлелдеуде. Жол картасы аясында іс-шаралардың іске асырылуын бақылау мақсатында фракция мүшелері тарапынан тұрғындармен 200-ге жуық кездесулер өткізілді.
Ал, 2021 жылдың 10 айында фракция мүшелерімен 82 қабылдау өткізіліп, 468 азаматтарды қабылдады. Оның ішінде 175 (37,3%) азаматтың мәселелері оң шешіліп, қалған 293 (62,7%) азаматқа заң аясында түсінік берілді.
Қазіргі таңда Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Халыққа көмек», «Рақмет, саған дәрігер», «Жастар Отанға!» тағы басқа партиялық жобалар мен қайырымдылық акцияларын іске асыруда барлық фракция мүшелері тарапынан 100 миллионнан астам тенге көлемінде демеушілік көмек көрсетілді.
Бұл жұмыс ары қарай жүйелі жалғасын табады деген сенімдемін.
Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, «Партиямызды нақты істер партиясы екенін тағы да дәлелдеп шығуымыз керек. Ол үшін баршамыз бірлесе отырып жұмыс жасауымыз қажет.
«Nur Otan» – нақты істер мен жарқын жетістіктердің партиясы!
Шымкент қалалық мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясы
фракциясы жетекшісінің орынбасары
Жадыра Танатарова