ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА "ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ" ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА
- РЕГИОН
- 12.05.2023
- 124 просмотра
"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына сәйкес көпқабатты және жеке секторларға абаттандыру және балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары "Халық қатысатын бюджет" жобасы аясында іске асырылуда.
Жоғарыда аталған жоба бойынша бүгін аудан әкімі Д.Есілбек “Еламан” шағын ауданының тұрғындарымен кездесіп, шағын ауданның бос жер теліміне спорт және балалар ойын алаңшасын орнату бойынша тұрғындармен кездесті. Сонымен қатар орнатылатын алаңшанын жалпы сызбасы тұрғындарға көрсетіліп, мақұлданды. Ағымдағы жылы 29 жоба аясында 35 көпқабатты үй ауласын және жеке секторда 4 кешенді балалар ойын алаңшалары және 7 спорт алаңшасын орнатуға қаржы бөлініп, қазіргі таңда спорт және балалар ойын алаңшаларын құру жұмыстары бастау алды.
«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында ағымдағы жылы Еңбекші ауданы аумағында 35 көпқабатты үй аулалары абаттандырылады. Одан бөлек, жеке секторда 4 жерде кешенді балалар ойын алаңшалары орнатылатын болады.
Аудан әкімі Д.Есілбек абаттандыру жұмыстарының жүргізілу барысымен танысып, салаға жауапты мамандарға жұмысты сапалы атқаруды тапсырды.
Айта кетсек, Шымкент қаласында абаттандыру және балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары 2021 жылдан бастап «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында тұрғындардың ұсынысымен іске асырылуда.
Қала басшысының тапсырмасына сәйкес аудан аумағында күз, көктем мезгілдерінде жауын-шашын суларының басуының алдын алу мақсатында зерделеу жұмыстары жүргізіліп 57 мекен-жай анықталған болатын. 2022 жылы жалпы ұзындығы 7,3 шақырымды құрайтын 21 мекен-жайға ирригациялық арықтарды орнату жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылы аудан аумағында 13 көшеге 6,3 шақырым ирригациялық арықтарды орнату жоспарланған. Осыған сәйкес, аудан әкімі “Қарабастау” тұрғын алабы, Қайып ата көшесі мен Жаңақұрылыс көшесінің бойына ирригациялық арықтарды орнату жұмыстарымен танысты. Ауа-райы тұрақталғаннан кейін “Жұлдыз” тұрғын алабы, Қоңыртөбе көшесінің бойынан ирригациялық арықтар орнатылатын болады. Аудан аумағындағы су алу және көлдеу қауіпі бар мекен-жайларға кезең-кезеңімен арықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде.
Еңбекші ауданы бойынша ұзындығы 732,91 шақырымды құрайтын 728 көшелер мен өткелдер бар. Жолдардың 535,77 шақырымы асфальт, 158,38 шақырымы тас, 38,76 шақырымы топырақты құрайды. Жолдардың жағдайын жақсартуға жылдан жылға жақсы көңіл бөлініп келеді. Мәселен 2021 жылы 4 магистралдық және 53 қалаішілік көше асфальтталып, жөнделді. Ал, 2022 жылы жалпы 86,4 шақырымды құрайтын 132 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен демеуші есебінен «Базарқақпа» тұрғын алабындағы Сайрам су өзенінен өтетін көпір қайта құрылып, тұрғындардың игілігіне тапсырылды. 2023 жылы І кезеңмен ұзындығы 45,5 шақырымды құрайтын 75 көшені жөндеу жоспарлануда.