ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ: БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАЛАРЫ МЕН СПОРТ АЛАҢШАЛАРЫ
- РЕГИОН
- 20.03.2023
- 43 просмотра
Аудан аумағында орналасқан 926 көпқабатты тұрғын үйлер 543 аулаға біріктірілген.
2014-2020 жылдар аралығында 291 көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында абаттандыру және балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары жүргізілген.
2021 жылы аудан аумағындағы 27 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілді.
Оның ішінде 14 аула «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында абаттандырылды.
2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 50 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары орындалып тұрғындар пайдалануына берілді.
2023 жылы 39 балалар ойын алаңшасы орнатылып, аудан аумағы 100% қамтылатын болады.
2024 жылдан бастап бұрыңғы 7-8 жыл қолданыста болған және ескірген 101 аулаларға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, элементтерін жаңарту жұмыстары жүргізілетін болады.
2021 жылы 31 ашық спорт алаңшасын орнатылды, оның ішінде демеуші «С.Тульбасовтың жеке қоры» есебінен 6 көпқабатты тұрғын үй аулаларында жаңадан ашық спорт алаңшаларын орнату жұмыстарын жүргізіліп халыққа пайдалануға берілді.
2022 жылы 9 спорт алаңшасы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында орнату жұмыстары жүргізіліп, тұрғындар пайдалануына берілді.
Сонымен қатар, 9 спорт алаңшасына ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталып, тұрғындар пайдалануына берілді.2023 жылы 2 спорт алаңшасы орнатылып, аудан аумағы 100% қамтылатын болады. (Сәуле м.а. Жаңақұм көшесі мен 276 орам).Аудан аппараты тарапынан су басу қауіпі бар аумақтарға зерделеу жұмыстары тұрақты зерделеніп, бірінші кезекте (маңызды) ирригациялық жүйелерді орнатуды қажет ететін көшелер тізімі анықталады. 2022 жылы 19 жоба (28 көше) жалпы ұзындығы 11,7 км ирригациялық жүйелерге бюджеттен қаржы қаралып, ирригациялық жүйелер орату жұмыстары толық аяқталды.
Оның ішінде, 19 жоба (28 көше) жалпы ұзындығы 11,7 км ирригациялық жүйелер орнатуға бюджеттен қаржы қаралып, қазіргі таңда 22 көшеге жалпы ұзындығы 11,01км ирригациялық жүйелер орнату жұмыстары мердігер мекеме тарапынан толық аяқталды, 6 көшеге жалпы ұзындығы 690м ирригациялық жүйелер орнату құрылыс жұмыстары жүргізілді.