ШЫМКЕНТ: АЗАМАТТАРДЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСУЫ ТУРАЛЫ
- РЕГИОН
- 19.03.2023
- 57 просмотра
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арасында келісім жасасуға дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Шымкент қаласы бойынша 261 адамға жоспарланып, 1,3 млрд теңге қаржы бөлінген.
Жастарға берілетін микрокредиттер сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы беріледі, яғни республика бойынша «Аграрлық несие корпорациясы арқылы берілетінін белгілеп отыр.
- микрокредит мерзімі – 5 (бес) жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі – 7 (жеті) жылға дейін;
- микрокредиттің ең жоғары сомасы – 5 (бес) миллион теңгеге дейін;
- номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі жарым) пайыздан аспайды;
- кепілмен қамтамасыз етудің болуы;
- Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес сенім білдірілген өкілге (агентке) микрокредит алу үшін жүгінген сәтте дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі бес жылдан аз кәсіпкерлер.
2023 жылы халыққа тиімді жұмыспен қамту шараларын көрсету мақсатында нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Солардың бірі, өткен жылы Ұлттық жоба аясында зейнеталды жастағы жұмыссыз адамдар үшін жаңа «Күміс жас» жобасы іске қосылған болатын. Биылдан бастап «Күміс жас» жобасына өзгерістер енді. Бұрын, 58 жастан бастап жұмыстың ұзақтығы 12 айды құраған болса, енді биылдан бастап бұл талаптар 50 жастан және жұмыс мерзімі 36 айға (3 жыл) созылып отыр. Белгілі бір себептермен жұмысынан айырылған аға буын өкілдеріне бірден жұмыс табу мәселесі қиын екені рас. Жоба осындай жұмыссыздарға зейнетке шыққанға дейін табыс табуына көмектеседі.
Жоба қатысушыларының айлық жалақысының бір бөлігі бюджет қаражаты есебінен субсидияланады.
Субсидиялар мөлшері төмендегідей.
- жұмыстың бірінші жылында жалақы мөлшерінің 70%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын)
- жұмыстың екінші жылында жалақы мөлшерінің 65%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын),
- жұмыстың үшінші жылында жалақы мөлшерінің 60%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын) құрайды.