Шымкент: Мақсат – бұқаралық спортты насихаттау
- РЕГИОН
- 24.11.2021
- 94 просмотра
Шымкент қаласындағы Асанбай Асқаров атындағы дендрарий саябағы аумағында ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай үшінші мегаполистің атақты спортшылары мен олардың жаттықтырушылары және спорт мектептерінің қызметкерлері жиналып, бұқаралық жүгіруден сайысқа түсіп, нағыз мықтыны анықтады.
Салауаты өмір салтын насихаттау арқылы спортты жан-жақты дәріптеуді көздеген сайыс мемлекеттік бағдарлама аясында Мемлекет басшысының халық арасында бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасын орындауды көздейді, дейді жауаптылар.
– Қатысушылар 1,7 және 7 шақырымға жүгіреді. Жалпы, Президенттің бұқаралық спортты дамыту тапсырмасы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлының тікелей бақылауында. Бүгінгі таңда Шымкент тұрғындарының 31%-дан астамы бұқаралық спортпен шұғылданады. Алда осы межені 34%-ға жеткізу жоспары бар. Осы мақсатта үйлердің аулаларына жалпы саны – 115 спорт алаңшасын салу туралы кешенді жоспар жүзеге асуда, – деді қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов.
Айта кетейік, үшінші рет ұйымдастырылған бұқаралық жүгіруге 300-ге жуық спортшы мен спорт мектептерінің қызметкерлері қатысты.