Шымкент: Құрсайда 11 көше жөнделуде
- РЕГИОН
- 20.10.2021
- 74 просмотра
Биыл Шымкент қаласында жол құрылысы саласына айтарлықтай көңіл бөлініп, мемлекеттік бағдарлама аясында бірқатар көшелер жөндеуден өтуде. Осы бағыттағы жұмыстар үшінші мегаполистің Құрсай тұрғын алабында да қарқынды жүріп жатыр.
Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысы бойынша аталған тұрғын алапта 11 көше орташа жөндеуден өтуде. Мердігер «Гео-Нұр Құрылыс» компаниясы өз жауапкершілігіне алған жөндеу жұмыстарын қазан-қараша айларында жүргізіп, жыл соңына дейін құрылысты аяқтауды межелеп отыр.
Бүгінде Шымкент қаласындағы жолдардың жалпы ұзындығы 3247 шақырымды құрайды. Биыл жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 63,6%-ға жеткізу жоспарланып отыр.
Айта кетейік, еліміздің үшінші мегаполисінде соңғы үш жылда жол саласына қаралған қаражат пен атқарылған жұмыс көлемі еселеп артты. Осы жылдар аралығында шаһарда 850 шақырымнан астам жол төселді.