ШЫМКЕНТТЕГІ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ ЕУРО-4 ЖӘНЕ ЕУРО-5 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СТАНДАРТТАРЫНА КӨШКЕН
- РЕГИОН
- 31.03.2020
- 214 просмотра
Шымкенттегі іргелі өндіріс кешендерінің бірі – «Петро Казахстан ойл продактс» компаниясының мұнай өңдеу зауыты. Зауыттың құрылысы 1972 жылы басталып, бір жылдан кейін стандартты емес жабдықтар цехы салынып бітті. Ал 1984 жылы зауыттың 100-ші секциясы, яки ЛК-6У қондырғысы іске қосылды. 1985 жылдың тамыз айында тағы да екі секция - 200-ші секция өндіріске берілді. Сол жылы күкірт өндіру қондырғысы іске қосылды. 1986 жылдың қаңтар айында 400-ші секция іске қосылды. Осы кезден бастап зауыт толық өндірістік қуатына шығып, жылына 6 млн. тонна мұнай өнімдерін берді.
Зауыт Батыс Сібір кенорындарынан Омбы-Павлодар-Шымкент арналық құбыры арқылы жеткізілген батыссібірлік шикі мұнайды өңдеуге жобаланған болатын. Орталық Қазақстанның батысында Құмкөл кенорны ашылғаннан кейін осы кенорынның мұнайы да Шымкент зауытына жөнелтіле бастады, ол зауытта батыссібірлік мұнаймен қоспа түрінде өңделетін болды. 1999 жылдан бастап «Петро Қазақстан Ойл Продактс» зауыты толығымен Құмкөл мұнайына өңдеуге көшті.
Бүгінгі таңда зауытты жаңғырту жобасының бірінші кезеңі аяқталды. Нәтижесінде мұнай өңдеу сапасы 80 пайызға артып, өнім шығару көлемі жылына 6 млн тоннаға, жанармай өндірісі 3 есе көбейді. Ең бастысы – жанармай сапасы Еуро-4 және Еуро-5 экологиялық стандартына көшті. Жаңғырту жұмыстарының бірінші кезеңінде Шымкент мұнай өңдеу зауытында шикізатты ыдыстарға саңылаусыз құятын қондырғы іске қосылды. Сондай-ақ қуаты жылына 1,5 млн. тонна дизель отынын гидротазалайтын және жылына 4 мың тонна күкірт өндіретін қондырғы іске қосылып жұмыс істей бастады. Сондай-ақ зауытта жылына 4 мың тонна күкірт шығарылады.
Құрылымдау жұмыстарының екінші кезеңі толық аяқталса, зауыт еліміздегі әлемдік талаптарға сай ірі кәсіпорынға айналатын болады. Жыл сайын Шымкент мұнай өңдеу зауытынан ішкі, сондай-ақ сыртқы нарықтарға 4 млн тоннаға жуық мұнай өнімдері тиеп жөнелтіледі.