Шымкент марафонына 2 мыңға жуық адам қатысуда
- РЕГИОН
- 10.10.2021
- 121 просмотра
Шымкентте жыл сайын күзгі маусымда өтетін дәстүрлі марафонға биыл 2 мыңға жуық адам қатысуда.
Халықаралық деңгейге көтерілген сайыс ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеу мақсатында Шымкент қаласы әкімдігінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылды.
Ауқымды марафонға қатысу үшін жиналғандарға қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов сәттілік тіледі.
– Бүгін Шымкентте үлкен мереке! Спортшыларға барлық қолайлы жағдай жасауға тырыстық. Сіздерге Мұхтархан Ділдәбеков, Біржан Жақыпов секілді Олимпиада қатысушылары қолдау көрсетуге келіп отыр. Және қолдау көрсеткен қала тұрғындарына алғыс айтамыз. Шымкент марафонына қатысушыларға сәттілік тілейміз! Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтеновтың атынан дұғай сәлем! – деді ұала әкімнің орынбасары. Мақсұт Исахов.
Биыл бесінші рет өткізіліп отырған «Шымкент марафонын» ұйымдастыру жұмыстарына үшінші мегаполистегі «Royal» және «Kasiet» фитнес клубтары мен «Evrika» сауда желіcі қолдау көрсетуде.
Айта кетейік, «Shymkent Marathon 2021» сайысына Қазақстанның 30 қаласынан жиналған 2 мыңға жуық атлет қатысуда.