Шымкентте ел спортшылары екі жүлде алды
- РЕГИОН
- 13.09.2021
- 113 просмотра
Еліміздің үшінші мегаполисі Шымкентте нысана көздеуден басталған Азия біріншілігінің алғашқы күні Қазақстан командасы бір алтын, бір күміс медель иеленді.
Ересектер арасында 10 метрге пневматикалық тапаншамен ату сайысында Қазақстандық мерген Эльдар Иманқұлов 235,1 ұпаймен жеңіс тұғырынан көрінді. Сайыс қорытындысы бойынша 2-орынға Сауд Арабиясының спортшысы Софар Мохамммад Алдосари, 3-орынға Таиландтық Ноппадон Сутвирух лайық деп танылды.
Жас спортшылар арасында тағы бір отандасымыз тапаншамен 10 метрге нысана көздеуден Ярослав Махнев 2-орынды иеленді. Аталған сайыста 1 және 3-орынды Өзбекстандық Умидбек Камалбеков пен Мұхаммад Камалов алды.
Айта кетелік, ересектер мен жасөспірімдер арасында нысана көздеуден XIV Азия чемпионаты 10-20 қыркүйек аралығында «Shymkent Shooting Plaza» оқ ату кешенінде өтуде. Сайысқа Бахрейн, Индонезия, Қырғызстан, Сауд Арабиясы, Кувейт, Пәкістан, Катар, Таиланд, БАӘ, Өзбекстан мен Қазақстаннан жалпы, 160-қа жуық мергендер қатысып, нағыз мықтыларды анықтау көзделіп отыр.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ауқымды чемпионатты ұйымдастыруға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Ұлттық Олимпиада Комитеті мен Шымкент қаласының әкімдігі қолдау көрсетуде.