Шымкентте коронавирусқа қарсы бес түрлі вакцина бар
- РЕГИОН
- 16.08.2021
- 84 просмотра
Бұл туралы үшінші мегаполис тұрғындарымен тікелей эфирде тілдескен Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов хабарлады.
Бас дәрігердің сөзінше, қаладағы ауруханаларға аса ауыр жағдайда түсіп жатқан науқастардың 80%-ы үйінде ұзақ уақыт өз бетінше ем қабылдағандар
Қазіргі таңда Шымкент «қызыл» аймақта, эпидемиологиялық ахуал күрделі. Күні кеше 15 тамызда коронавирус жұқтырған 560 жағдай анықталған.
– Дүниежүзі бір жыл бойы вакцинаны күтті. Бұл адамзаттың ең үздік ғылыми жаңалығының бірі болды. 18 жастан асқандардың барлығына вакцина қабылдауға болады. Әсіресе, қосымша ауруы бар осал топтағыларға тез арада вакцина алуды ұсынамыз. Ата-анаңыздың, туыстарыңыздың амандығы үшін вакцина салдыруға апарыңыздар. Сонымен бірге, қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің вакцина салдыруы да аса маңызды, – деді басқарма басшысы.
Бүгінде шаһардағы мамандандырылған инфекциялық стационарлардағы 3930 орынның 66,1%-ы бос емес. Ем қабылдап жатқан 2601 науқастың 382-сі жансақтау бөлімінде жатыр.