Шымкенттің шеткі шағынаудандары интернетпен қамтылуда
- РЕГИОН
- 27.04.2021
- 193 просмотра
Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында барлық ел азаматтарын интернетпен жəне сапалы байланыспен қамтамасыз ету жайына тоқталды.
Жолдауы жүктеген міндетті нәтижелі іске асыру бағытында миллионды мегаполис Шымкентте ауқымды жұмыстар қолға алынды. Әсіресе қала шетінде орналасқан шағанаудандар мен тұрғын алаптарды сапалы интернетпен қамтуға басымдық берілді.
Қала әкімі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша Шымкенттегі 200 мың жеке сектордың 51 мыңы «Қазақтелеком» АҚ арқылы интернет қызметіне қосылған. Сондай-ақ, 2 мыңға жуық көпқабатты тұрғын үйдің 1690-ы немесе 86 пайызы оптикалық желімен қамтылған.
Жыл сайын үшінші мегаполистегі интернет желісін жақсартуға қомақты инвестиция тартылып келеді. Биыл «Шымсити», «Көкжайлау», «Тұлпар», «Jas Otau», «New City» сынды шағынаудандарында 3648 портты қосатын желі құрылысына «Қазақтелеком» АҚ 512 млн. инвестиция салуды жоспарлап отыр.
Жеке сектордағы тұрғындарды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жайы күн тәртібінде тұр. Атап айтқанда, FWA технологиясы бойынша 14 базалық станция, Wi-Fi технологиясы бойынша радиусы 10 шақырым болатын базалық станция орнату межеленген. Нәтижесінде, тұрғындары көп Ақниет, Самал-1, Самал-2, Самал-3, Бозарық, Асар, Нұртас, Құрсай, Тассай, Тұран, Таскен, Қайтпас-1, Қайтпас-2, Пахтакор-1, Пахтакор-2 сынды шағынаудандар жылдам әрі сапалы интернетпен қамту көзделіп отыр.
Тэги: #Шымкент#Жолдау#интернет