«AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалы
- ИНФОГРАФИКА
- 07.06.2022
- 282 просмотра
«AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне 2022 жылы сәуір айында Абай ауданы, Қорғасын шағын ауданының бір топ тұрғындары атынан Әлімқұлова Әсия есімді азаматша келіп, №26 бағыттағы қоғамдық көліктердің жұмысына шағым айтып, жағдайды реттеу бойынша өтініш білдірген болатын.
Өтініш берушінің көтерген мәселесі Шымкент қалалық транспорт басқармасына хабарласып жеткізілді. Басқарманың жауапты мамандары тарапынан №26 бағыттағы қоғамдық көліктермамыр айынан бастап жаңартылып, жағдай реттелетіндігі айтылған болатын.
2022 жылдың 16 мамыр күнінен бастап №26 бағыттағы қоғамдық көлік маршрутына су жаңа 10 автобус енгізілді. Ендігі уақытта №26 бағытта жұмыс күндері 10, демалыс күндері 8 жаңа автобустар қала тұрғындарын тасымалдайтын болады.