Әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси салалардағы негізгі басымдықтар
- ИНФОГРАФИКА
- 14.01.2022
- 460 просмотра
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілісте жариялаған бағдарламасында елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси салалардағы негізгі басымдықтарды атап өтті.
Мемлекет басшысының жаңа бастамалары мен шешімдерін халыққа жариялы түрде жасағаны ел сенімін оята білді.
Президент қазіргі таңдағы маңызды салаларының бірі еліміздің жаңа экономикалық тұғырын қалыптастыруға аса мән беру қажеттілігіне тоқталды.
Бұл – заман талабына сай әлеуметтік бағдары бар нарықтық экономика құру және дамыту деп атап өтті.
Тағы бір ауқымды салалардың бірі бұл жастарымызды әскери борышын өтеуге ынталандыру. Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев баяндағандай бұл мәселені біз бүкіл қоғам болып ойластыруымыз керек.
Біз, «Nur Otan» партияcының мүшелері Мемлекет басшысының барлық бастамаларын қолдаймыз және жаңа Қазақстанды құру үшін ауқымды міндеттерді жүзеге асыру үшін бар ынтамыз бен күш-жігерімізді саламыз.
Тасқынбай Бүрлібаев - «Nur Otan» партияcы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы