«AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі
- ИНФОГРАФИКА
- 25.05.2022
- 237 просмотра
«AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне Абай ауданы, 8 мөлтек ауданы тұрғындары атынан Бекмурзаева Баян Пернебекқызы есімді азаматша келіп, қоқыс контейнерінің айналасындағы қоқыс қалдықтарын тазалауды сұрап өтініш білдірді.
Арыз иесіне аудан көлеміндегі 458 көпқабатты тұрғын үйдің қоқыс тастайтын аумақтарын тазалау жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатқандағы және бұл жағдай таяу уақытта реттелетіндігі жеткізілген болатын.
2022 жылдың мамыр айында 8 мөлтек аудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің қоқыс алаңы тазартылып, контейнерлердің айналасы ретке келтірілді.